#
#
Жексенбі 09/08/2020

Мониторинг тобы Қызылорда дәріханаларына тексеру жүргізді

  • 13.07.2020
  • 0
  • 198

Қызылорда облысының тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті №6, №4, №1 қалалық емханаларда, «СҚ-Фармация» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің қоймасына және қаланың 24 дәріханасында мониторинг жүргізді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпарат алаңында өткен брифингте тауарлар мен қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаменті фармацевтикалық бақылау бөлімінің бастығы Нұрбек Әділханов мәлімдеді. 

«Мониторингтің 4 күнінің қорытындысы бойынша №6, №4, №1 қалалық емханалар жоғарыда көрсетілген нозология бойынша МӘМС жүйесінде амбулаториялық деңгейде тегін дәрілік заттармен қамтамасыз етілгені анықталды. Қазіргі таңда 24 дәріхананың бірнеше дәріханасында кейбір дәрілік заттар жоқ, дегенмен дәрілік заттар күн сайын жеткізілуде», - деп атап өтті бөлім басшысы. 

Мониторинг тобының жұмысы 31 шілдеге дейін жалғасады.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар