Президент Майя Санду Молдованың Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының коронавирусқа қарсы вакцинаны әділетті үлестіруді көздейтін СOVAX халықаралық бағдарламасы арқылы вакцина алғанын мәлімдеді. Молдова - СOVAX бағдарламасымен вакцина жеткізілген Еуропадағы алғашқы ел. Кишиневке вакцинаның 14 мың дозасы бар алғашқы партиясы 4 наурызда жеткен.
Батысшыл президент Германия мен Еуропаның өзге мүшелері және АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Еуропа комиссиясына "ынтымақтастық" танытып, көмек көрсеткеніне алғыс білдірді.
4 наурыз күнгі мәлімдемесінде Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы өкілдері Молдова халқының жартысы яғни, 1,7 млн тұрғынды вакцинамен қамтамасыз ететіндей COVAX арқылы вакцина дозасы бөлінгенін айтты.
Әлем елдері вакцина үшін әбігерлік танытып жатқан шақта Молдова бірқатар қиындықтарға тап болып, гумантарлық көмектерді жылы қабылдаған.
Өткен аптада Румыния Молдоваға AstraZeneca компаниясының 21 600 дозасын сатып әперіп, гуманитарлық көмек көрсеткен. Еуропадағы ең кедей ел санатын Молдова соның нәтижесінде вакцинация компаниясын бастаған. Румыния президенті Клаус Йоханнис желтоқсан айында Еуроодақ бөлген квотаға 200 мың вакцина сатып әперуге уәде берген.
Соңғы мәлімет бойынша, Молдовада 191 мыңнан астам адамнан коронавирус анықталған, 4 мың адам қайтыс болған.