Фото: ©РИА Новости
Владимир Путин жариялаған ішінара мобилизация Украинадағы арнайы операция статусын өзгертпейді. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости журналистерінің Telegram-арнасына сілтеме жасап.
Ішінара мобилизация фонында Украинадағы әскери іс-қимылдар статусы өзгерді ме деген журналистердің нақтылау сұрағына Дмитрий Песков: "Жоқ, бұл - арнайы әскери операция", - деп жауап берді.
Еске салайық, Владимир Путин бір күн бұрын қол қойған жарлыққа сәйкес, ішінара мобилизация шеңберінде әскери қызметке шақырылған азаматтар келісімшарт бойынша әскери қызметші мәртебесін алады. Әскерге запастағы, Қарулы Күштер қатарында қызмет еткен және тиісті тәжірибесі бар азаматтар шақырылады.