Абай облысында аралас жекпе-жектен Азия чемпионы, 19 жастағы Нұрмагамбет Тұрарбеков жол-көлік оқиғасы салдарынан көз жұмды. Онымен бірге екі досы да қаза тапқан. Бұл туралы Ult.kz Криминальный Казахстан телеграм арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Оқиға 2 қараша таңертең Омбы – Майқапшағай трассасының 615-шақырымында болған. Спортшылар Астанада өткен турнирден кейін Семейге қайтып келе жатқан. Олар мінген «Toyota Avensis» көлігі «Howa» жүк көлігімен соқтығысқан.
Соқтығысу салдарынан жеңіл көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында мерт болды.
«Аталған дерек бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабының 4-бөлігі – «Екі немесе одан да көп адамның өліміне әкелген жол қозғалысы ережелерін бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сараптамалар тағайындалды», – деп хабарлады Абай облыстық полиция департаменті.
