27 қаң, 2017 сағат 13:07

Мирзияев Каримовті мәңгі ұмытпау туралы бұйрық шығарды

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев 25 қаңтарда елдің алғашқы президенті Ислам Каримовті мәңгі есте қалдыру туралы қаулы шығарды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" centralasian.org агенттігіне сілтеме жасап.

Қаулы бойынша, Өзбекстанда бірнеше мекеме мен нысанға, оның ішінде Ташкент мемлекеттік техникалық университетіне, Асактағы көлік құрастыру зауытына, Ферғанадағы Өнер сарайына, Ташкенттегі халықаралық әуежайға, Қарақалпақстан, Ташкент пен бірнеше қалалардағы орталық көшелерге Каримовтің есімі берілмек. Құжатта сонымен қатар Самарқанда Ислам Каримов жерленген жерге мемориалды кешен тұрғызылатыны айтылған.

Өткен жылдың соңында Өзбекстан билігі Каримовке ескерткіш тұрғызуға конкурс жарияланған. Оның қорытындысы бойынша Ташкентте, Каримов туып-өскен Самарқанда, Қашқадария облысының жетекшісі болып қызмет істеген Карши қаласында ескерткіштер орнатылатын болған.

Мирзияевтің жаңа қаулысы бойынша, Өзбекстанда жыл сайын 30 қыркүйекте Каримовтің туған күні тойланып, 2 қыркүйек Тұңғыш президентті еске алу күні күні деп жарияланады. Өзбекстан билігі мемлекеттік БАҚ-ты Каримовті еске алумен байланысты шаралардан хабар таратуға міндеттеді.

Өзбекстанды 1989 жылдан бері 27 жылға жуық уақыт басқарған Ислам Каримов 79 жасында қайтыс болды. Оның өлімі туралы алғашқы хабар 2016 жылы 29 тамызда шықты. Каримовтің қайтыс болғаны туралы ресми түрде 2 қыркүйекте хабарланды. Каримовтің өлімінен соң президент міндетін уақытша сол кездегі премьер-министр Шавкат Мирзияев атқарып, кейін ол президент болып сайланды.