08 жел, 2020 сағат 08:35

Минскіден Қазақстанға ұшып келген жолаушыдан коронавирус анықталды

8 желтоқсанда Қазақстан Республикасының аумағына Венгрия, Түркия, БАӘ, РФ, Беларусь Республикасы және Өзбекстаннан 11 халықаралық әуе рейсі келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетіне сілтеме жасап.

Комитет таратқан мәліметтерге қарағанда, ұшақпен келген 964 жолаушының ішінде ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтамамен - 884, анықтамасыз 80 ҚР азаматы келді. 

Оның ішінде:

Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына - 5 рейс, 340 жолаушы, анықтамамен - 320, анықтамасыз - 20;

Алматы қаласының әуежайына - 4 рейс, 480 жолаушы, анықтамамен - 426, анықтамасыз - 54;

Ақтау қаласының әуежайына - 1 рейс, 138 жолаушы, анықтамамен - 132, анықтамасыз - 6;

Атырау қаласының әуежайына - 1 рейс, барлық 6 жолаушы анықтамамен келді.

«Анықтамасыз келген Қазақстан азаматтары келген жері бойынша карантиндік стационарларға орналастырылды және ПТР-талдау әдісімен COVID-19-ға тестіленді. ПТР-талдау нәтижелері бойынша Минскіден ұшып келген жолаушыдан коронавирус инфекциясы анықталды»,-делінген хабарламада.