21 жел, 2021 сағат 19:06

Министр Өскемендегі зауыт төбесінде пайда болған қызғылт түтінге түсінік берді


ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Өскемендегі зауыт төбесінде пайда болған қызғылт түтінге қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Брифинг барысында БАҚ өкілдері Өскемен қаласынан тараған видео туралы сауал қойды. 

Видеодан қаладағы титан-магний кәсіпорнының аумағында қызғылт түтін пайда болғанын көруге болады. 

Министр сауалдарға Өскеменнен шұғыл келіп түскен мәлімет бойынша жауап берді. 

«Бүгін сағат 12.00-де экология департаментіне әлеуметтік желі арқылы «ТМК» АҚ аумағында ықтимал апат туралы мәлімет келіп түсті. Жағдайды анықтау үшін экология департаменті сағат 12.15-те құрал-жабдықтармен сынама алу үшін санитарлық аймаққа барып, ауа құрамындағы зиянды заттардың бар-жоғын тексерді. Сынама қорытындысы бойынша хлордың мөлшері бекітілген норма шегінен асқаны белгілі болды. Келіп түскен арыз бойынша жоспардан тыс тексеру басталды. Оның қорытындысы қосымша хабарланады», - деді Серікқали Брекешев.