25 қаз, 2019 сағат 17:55

Министр мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысы нақты қаншаға өсетінін айтты

ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын көтеру туралы айтты, хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Өздеріңіз білетіндей, Президент Жолдауында мәдени сала қызметкерлерінің жалақысын өсіру мәселесін көтерді. Бұл ретте ең алдымен кітапхана, театр, музей қызметкерлерінің айлығы жоғарлайды. Нақтылай түссек, бүгінгі күнде мәдениет саласы қызметкерлерінің жалақысын 50% көтеретіндей жұмыстар жасалуда», - деді Ақтоты Райымқұлова Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Министр бұл шешім еліміздің руханиятына деген ерекше қолдау және мәдениет саласы қызметкерлеріне артылған үлкен жауапкершілік деп түсінетінін жеткізді.