Әділет министрі Қанат Мусин Қазақстанда жаңа аймақтарды бөлу туралы шешім бір жарым ай ішінде қабылданатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Менің білуімше, облыстардың бюджетін бөлу және шекараны анықтау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жақында ғана ШҚО шекарасы шамамен, қалай бөлінетіні туралы ақпарат БАҚ-та жарияланды. Әзірге жаңалық жоқ, жұмыс жүргізіліп жатыр. Жаңа облыстар бойынша Үкіметтің экономикалық блогы айналысып жатыр. Менің ойымша, алдағы бір жарым айда шешім қабылданады", - деді министр Сенат отырысынан кейін.
Бұған дейін ШҚО-да облыстық мәслихаттың кезектен тыс XIV сессиясы өтіп, онда Абай өңірін құру жоспары таныстырылған болатын.