Қазнетте 1 миллион, 50 миллион және 100 миллион теңгелік купюраларды көрсеткен қазақстандықтың видеосы танымал бола бастады.
Автор өз видеоларының бірінде 1 миллион теңге номиналындағы купюраны көрсетіп, оның ойынға арналған купюра екенін атап өтті.
Алайда кейбіреулер мұндай банкноттардың бар екеніне сеніп, тіпті девальвация болатынын болжады.
Ұлттық банктің баспасөз қызметі nur.kz сайтына бұл видеороликтерге қатысты пікір білдіріпті.
"Біз бұл купюралар шынайы емес екенін растаймыз. Теңге банкноттарының барлық номиналдары мен қатары туралы ақпарат банктың сайтында бар" - деді банктегілер.