Фото: RTVI
14 сәуірде Blue Origin компаниясы тарихта алғаш рет толықтай әйелдерден құралған экипажды ғарышқа аттандырды, деп хабарлайды Ult.kz.
Amazon негізін қалаушы миллиардер Джефф Безос құрған Blue Origin бұл сапарды суборбиталық деңгейде жүзеге асырды. Экипаж ғарыш орбитасына толық шықпай, Карман сызығына дейін көтеріліп, жерге қайта оралды.
Бұл оқиға 1963 жылы Валентина Терешкованың жалғыз жасаған миссиясынан кейінгі әйелдерден құралған алғашқы ғарыш сапары болып отыр. Ұшу кезінде экипаж мүшелері Жердің керемет көріністерін тамашалап, гравитацияның жоқтығын сезінді.
New Shepard зымыраны Техастағы ғарыш айлағынан алты жолаушыны ғарыш сызығы саналатын шамамен 100 шақырым биіктікке көтерді. Миссияның жалпы уақыты 10 минут 21 секундты құрады.
Айта кету керек, қазіргі уақытта ғарышқа ұшқан 700 адамның тек 15%-ын әйелдер құрайды.