26 ақп, 2026 сағат 14:53

Миллиард қайда? Павлодардағы банк тонауы халықаралық іске айналды


© РИА Новости / Алексей Сухоруков


Павлодарда болған атышулы банк тонауы бойынша Ресейдің төрт азаматы қамауға алынды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.


Тергеу материалдарына сәйкес, 2024 жылғы қарашада Қазақстан Халық Банкі (Halyk Bank) бөлімшесінің депозитарийінен зергерлік бұйымдар мен түрлі валютадағы ірі көлемдегі қаражат ұрланған. Алдын ала есеп бойынша шығын көлемі 400 миллион рубльге (2,5 миллиард теңгеден астам) жуық.


Қаскөйлер банк орналасқан ғимараттың қабырғасын бұзып кірген. Кейін бес күдікті ұсталып, олардың барлығы Ресей азаматтары екені анықталған. Төртеуі қамауға алынды.


2025 жылы іс материалдары халықаралық тәртіппен Ресейдің тергеу органдарына берілді. Шамамен 40 қазақстандық жәбірленуші ретінде танылған.


Алайда істің нақты қай кезеңде екені белгісіз. Ұрланған қаражаттың толық көлемі де жарияланған жоқ.