03 сәу, 2022 сағат 16:34

Милад Карими спорттық гимнастикадан Әлем кубогы кезеңінде күміс алды


Қазақстандық спортшы Милад Карими спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдеге қол жеткізді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz сайтына сілтеме жасап. 

Әлем кубогі кезеңінің финалында ол еркін жаттығуда отандасымыз 14.300 ұпай жинады. 

Айта кетейік, Израиль спортшысы Артем Долгопят жарыс жеңімпазы атанса, ирландиялық Эймон Монтгомери қола жүлдені қанағат тұтты.

Спорттық жарыс Әзербайжан астанасы Бакуде өтті.