19 шіл, 2024 сағат 16:31

Microsoft жұмысындағы ақау: Цифрлық даму министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отыр


Microsoft жұмысында шыққан жаһандық ақауға байланысты Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі үндеу жолдады, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.

«Microsoft операциялық жүйесінің жаһандық істен шығуына байланысты, бірқатар елде әуежайлар мен IT-сервистердің жұмыстарында ақау байқалады, осыған байланысты келесіні хабарлаймыз:

Қазіргі уақытта елдің маңызды инфрақұрылымдары мен мемлекеттік IT-сервистерінің жұмысында ешқандай ақаулар тіркелмеген. Шағымдар түскен жоқ, барлық жүйелер қалыпты режимде жұмыс істеуде. Цифрлық даму министрлігі жағдайды бақылауда ұстап отыр», - деп хабарлады министрлік.