Ресей хакерлері ең кемінде 16 ұлттық және халықаралық спорт ұйымының, сонымен қатар допингке қарсы агенттіктердің компьютерлеріне шабуыл жасады. Бұл туралы Microsoft компаниясына сілтеме жасап The New York Times жазады.
Microsoft компаниясы өкілдерінің мәліметінше, ресейлік хакерлер WADA допинг-тест нәтижелері бойынша Ресей жаңа жазаға тартылуы мүмкін екенін хабарлағаннан бірнеше күн бұрын шабуылды бастаған.
Компания интернет-шабуылдарды Ресей қолдап отырған хакерлер тобы жасап жатқанын анықтаған. Microsoft кибершабуыл құрбандарын атамады. Дегенмен, кейбір талпыныстар сәтті жүзеге асырылғанын хабарлады.