20 сәу, 2022 сағат 18:09

Мейіржан Шермаханбет - грек-рим күресінен Азия чемпионы


Қазақстандық балуан Мейіржан Шермаханбет күрес түрлерінен Азия чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтынды салды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Olympic.kz сайтына сілтеме жасап.

Мейіржан Шермахамбет 67 келі салмақ дәрежесінде топ жарды. Финалда ол Оңтүстік Кореяның тәжірибелі балуаны Рю Хансуды уақытынан бұрын таза жеңіспен жеңді. 

Айта кетерлігі, Мейіржан Шермаханбет ширек финалда үндістандық, ал жартылай финалда өзбекстандық қарсыластарының жауырынын жерге тигізді. 

60 келідегі жұбаныш белдесуінде бақ сынаған Ернұр Фидахметов те қарсыласынан басым түсіп, ел қоржынына екінші қоланы әкелді.