Метаболикалық синдромы бар морбидті семіздік дүниежүзінде кеңінен таралғаны жалпыға белгілі. Соның ішінде, дерт посткеңестік елдерде де белең алған.
Ішкі майлы тіндердің артықтығынан пайда болатын метаболикалық синдром емі әртүрлі әдістерден, соның ішінде өмір сүру қалпын өзгерту, бариатрикалық метаболикалық хирургия және консервативті медикаментозды терапиядан тұрады. Мәселенің өзектілігіне орай Ресейде үлкендерде кездесетін морбидті семіздікті емдеу бойынша ұлттық клиникалық рекомендациялар жасақталған. Бұл дертті хирургиялық тұрғыдан емдеуде үлкен маңыз берілед.
Метаболикалық хирургия (ИМТ ≥ 40 кг/м2) семіздік деңгейі бар ІІ деңгейлі диабетпен ауыратын пациенттерге, (ИМТ 35,0–39,9 кг/м2) семіздік деңгейі бар пациенттерді емдеуде гипергликемия ұсынылады. Бұл әдіс тиімді медикаментозды терапия мен өмір сүру режимі көмектеспеген жағдайда қолданылады. Ал егер ІІ деңгейлі қант диабетімен ауыратын пациент ИМТ 30,0–34,9 кг/м2 болып, гипергликемия дұрыс бақыланбай преоралды және иньекциялық ем көмектеспеген жағдайда да хирургия қолданылуы мүмкін.
Бариатрикалық хирургия дислипиемия мен артериалды гипертензияда тиімді екенін кардиоваскулярлы қауіп пен жүрек-қан тамырлары ауруларынан өлудің төмендетуі арқылы көрсетті. Бүгінгі таңда семіздік салдарынан туындайтын өліммен күресте бариатрикалық хирургия өте тиімді екенін дәлелдеді. Сонымен қатар, лапраскопиялық бариатрикалық хирургиялық операциядан соң қиындықтардың тууы мен өлім лапароскопиялық холецистэктомиядан төмен. Бірақ лапраскопиялық бариатрикалық хирургия асқазан мен ішектерді степлер арқылы тігу құрал жабдықтардың қымбаттығына байланысты шығынды болып есептеледі. Сол үшін де экономикасы дамушы елдердің көптеген тұрғындарына қолжетімсіз. Осыған байланысты, біздер мини-гастрошунтрацияның банд-бөлінген (степлерсіз) түрін жасап шықтық. Бұл әдіс орта есеппен дәстүрлі операцияның шығындарын 2 мың АҚШ долларына түсіреді.
Ұсынылатын материалда алғаш рет үш жыл бұрын орындалған авторлық операцияның стандартты мини-гастрошунтрациямен салыстырмалы түрде метаболиттік әсеріне баға беріледі.
Мақсат – авторлық лапароскопиялық гастрошунтрацияның семіздіктің метаболикалық синдромын емдеудегі стандартты степлерлі әдіспен салыстырғандағы тиімділігін салыстыру.
МАТЕРИАЛ ЖӘНЕ ӘДІСТЕР
Сәйкестік критерийлері
Қосу критерийлері мынадай болды:
Жас ерекшелігі: 18 бен 60 жас аралығы;
Дененің массалық индексі: 35- тен 60 кг/м2;
Метаболикалық синдромның болуы (Халықаралық Диабет Федерациясының (IDF) критерийлері бойынша);
Ер адамдардың белі 94 см-ден жоғары, ал әйел адамдардың белі 80 см абдоминалды (висцералды) көп семіздік;
Төмендегі төрт компоненттік кем дегенде екеуінің болуы:
Алдын ала диабет диабет HbA1 = 5,7–6,4 немесе плазмада ашқарынға глюкозаның көлемінің үш есе артуы >5,6 ммоль/л); осыған дейін диагностикалнған ІІ деңгейлі диабет типі (HbA1 >6,5 немесе глюкоза >6,1);
Артериалды гипертензия (AD 130/85 мм рт.ст немесе гипотензивті терапия алып жүргендер);
Триглицеридтердің деңгейінің өсуі ((>1,7 ммоль/л немесе бұл ауытқылушылықты спецификалық емдеу);
3.2.4. Липопротеиндердің жоғарғы тығыздығының холестерин деңгейінің төмен түсуі (ХС ЛППВП <1,03 ммоль/л ер адамдарда, <1,29 ммоль/л әйел адамдарда немесе осы ауытқушылықтан ем алушылар);
Амерка анестезиологтарының қоғамдастығының (ASA) көрсеткен 1-2 деңгейлі физикалық жағдайы;
Зерттелетін операция түрінде және зерттеу жүргізуге жазбаша түрде келісім.
Бас тарту критерийлері:
Алкоголизм, есірткіге тәуелділік немесе психиткалық аурулар;
Зерттеуді жүргізуден, жалғастырудан бас тарту немесе дәрігер кеңестеріне құлақ аспау;
ASA градациясы бойынша 3-4 деңгейлі физикалық жағдай
Рандомизация әдісі
Пациенттерді зерттеуге қоспас бұрын әр қатысушыдан ақпараттық келісім алынды. Қосу критерийлерінің барлығына сәйкес келген пациенттер рет-ретімен бөлінген екі топтың біріне қосыла берді. Қатысушылардың топқа бөлінуін арнайы мөлдір емес бекітілген конвертке салынған номер арқылы жасырылды (әдістің сипаттамасы жазылуымен ерекшеленетін екі түрлі 40 түр, жалпы 80 конверт). Бұл туралы пациентке хабарлама клиниканың операцияға қатыспаған қызметкері арқылы ақпараттандырылды (көп жағдайда мейірбике). Бірақ конверт операция алдында ашылды. Егер пациент конвертті ашқан соң көрсетілген операция түрінен бас тартса ол зерттеуден алынып тасталып отырды.
Осылайша біздер қарапайым көрінбейтін эксперименталдық рандомды зерттеу әдісін қолдандық.
Өткізу шарттары
Зерттеу Қазақстанның Нұр-Сұлтан қаласында орналасқан “University Medical Center” орталығына қарасты «Онкология және трансплантология ұлттық ғылыми орталығы» АҚ хирургия бөлімінде өткізілді. Барлық операциялар 300-ден аса лапароскопиялық гастрошунтрация жасаған, 30 жылдық еңбек өтілі бар хирургпен жасалды.
Зерттеу ұзақтығы
Зерттеуге ең алғашқы қатысушы 2015 жылдың шілдесінде, ал ең соңғы қатысушы 2016 жылдың қарашасында қатысты. Бақылаудың орташа ұзақтығы 3 жыл.
Медициналық араласудың сипаттамасы
Операцияға дейін барлық пациенттер мультидисциплинарлы комиссия мамандарының қарауынан өтті. Комиссия бариатрика хирургы, терапевт, эндокринолог және диетологтан тұрды. Көрсеткіштер бойынша пациенттердің бір бөлігі гепатолог, гастроэнтеролог, невропатолог қарауында болды. Есірткі немесе алкогольдік тәуелділік немесе психиатрлық статус туралы қорытынды қаралым кезінде және профильді емдеу орталықтарының электронды деректер базасынан алынып отырды. Барлық емделушілер семіздіктің метаболикалық синдром мен медиакментозды, медикаментозды емес түрі бойынша ұзақ мерзімді емдеу курстарынан өткен. Операцияға нұсқау мульти-дисциплинарлы комиссия мүшелерінің шешімімен айтылып отырды. Барлық операциялар алдын ала дайындықтан соң эндотра-хеальды наркоз арқылы жасалды. Емделушілер жедел араласу типіне байланысты екі топқа бөлінді.
1 топта 1 («степлерсіз топ») (n=40). Негізгі топтың пациенттеріне лапароскопиялық мини-гастрошунттау кіші асқазан банд-бөлінісімен (ЛМГШ-БРП) қарын паучін дасау үшін степлерсіз қолданылмай жасалды. Соған қарамастан, диаметрі 2 см болатыни гастроэнтероанастомоз екіқатарлы қол жібінің шва (Викрил 2/0) көмегімен құрылды. Ал реттелмелі бандаж ретінде «Медсил» (Мытищи, Ресей) асқазан бандажы қолданылды.
2 топта 2 («степлерлі топ») (n=40). Бақылаудағы екінші бақылау тобына степлерлі-бөліністі пауч жасалған стандартты лапароскопиялық мини-гастрошунттау (ЛМГШ-СРП) жасалды. Мигель гор-Бахоның антирефлюксті модификациялы стандартты лапароскопиялық мини-гастрошунттау пайдаланылды.
Асқазанды бөлу үшін ұзындығы 60 мм болатын көк кассеталы EndoGIA-60 линиялы аппараты қолданылды. Анастомаз үшін ұзындығы 45 мм болатын көк кассеталы EndoGIA-60 линиялы аппараты пайдаланылды. Степлерді гастроэнтероанастомоз диаметрі 4 см көлемінде жасалды. Анастомоз кезінде ұяшықты (дефектті) тігу үшін екіқатарлы атравматикалық жіп (Викрил 2/0) қолданылды.
Зерттеудің негізгі нәтижелері
Салыстырылып отырған бариатрикалық тиімділігін көрсеткен медициналық араласудың негізгі нәтижесі салмақтан арылу проценті (% TWL), салмақтан арылу проценті (% EWL), дельта-ИМТ (ΔBMI) және дене массасының индексінің төмендеу процессі (% EBMIL).
Зерттеу барысында артық салмақтың операцияға дейінгі және кейінгі жоғалуының толық проценті анықталды. Біздер есептеу барысында ИМТ егізіндегі дельта -ИМТ (ΔBMI) мен дене массасы индексін (% EBMIL) екі топқа да қолдандық.
Медициналық араласудың метаболикалық тиімділігін көрсеткен негізгі көрсеткіштер пациенттердің ашқарын кезіндегі қандағы глюкоза көрсеткіші, глико-гемоглобин көрсеткіші, систоликалық және диастоликалық қысым, жалпы холестерин мен оның компоненттері, триглицеридтер мөлшері болды.
ТҮЙІН
Метаболикалық синдромды емдеуде лапароскопического гастро-шунттау әдісін хирургиялық емдеу барысында қолддану үш жылдан кейін денедегі артық салмақтың айтарлықтай төмендеуі мен көміртегі мен май алмасуларының қалпына келуін көрсетті.
Салыстырмалы түрде авторлық және стандартты гастрошунттау әдісіның екеуі де метаболикалық синдромның негізгі сипаттамаларын жоюда бірдей нәтиже көрсетті.
Авторлық степлерсіз гастрошунттау әдісінде хирургиялық қиындықтар туу мүмкіндігі өте төмен.
Гастрошунттауда авторлық степлерсіз гастрошунттау әдісі көпшілік үшін экономикалық тұрғыда өте тиімді.
Орал ОСПАНОВ