30 қар, 2021 сағат 03:03

Месси жетінші рет «Алтын доп» иегері атанды


Аргентина құрамасының және Францияның «ПСЖ» клубының футболшысы Лионель Месси жетінші рет «Алтын доп» иегері атанды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Аталған марапатты франциялық «France Football» журналы 1956 жылдан бері тұрақты түрде табыстап келеді. 

Биыл жылдың үздік ойыншысы атағынан үміткерлер қатарында 30 футболшының есімі аталды.

Олар: Николо Барелла («Интер»), Карим Бензема («Реал»), Леонардо Бонуччи («Ювентус»), Кевин де Брёйне («Манчестер Сити»), Джорджо Кьеллини («Ювентус»), Криштиану Роналду («Манчестер Юнайтед»), Рубен Диаш («Манчестер Сити»), Джанлуиджи Доннарумма («ПСЖ»), Бруну Фернандеш («Манчестер Юнайтед»), Фил Фоден («Манчестер Сити»), Эрлинг Холанд («Боруссия» Д), Жоржиньо («Челси»), Гарри Кейн («Тоттенхэм Хотспур»), Н’Голо Канте («Челси»), Симон Кьер («Милан»), Сесар Аспиликуэта («Челси»), Роберт Левандовски («Бавария), Ромелу Лукаку («Челси»), Рияд Марез («Манчестер Сити»), Лаутаро Мартинес («Интер»), Килиан Мбаппе («ПСЖ»), Лука Модрич («Реал»), Жерар Морено («Вильярреал»), Мейсон Маунт («Челси»), Неймар («ПСЖ»), Педри («Барселона»), Мохамед Салах («Ливерпуль»), Рахим Стерлинг («Манчестер Сити»), Луис Суарес («Атлетико»). 

Сондай-ақ бүгінгі шара барысында «Барселона» хавбегі Педро үздік жас ойыншы сыйлығын иеленді. Жылдың үздік шабуылшысы атағына Польша ұлттық құрамасы һәм «Бавария» клубының шабуылшысы Роберт Левандовски лайық деп танылды. Ал «Барселона» сапында ойнайтын испаниялық Алексия Путеляс әйелдер арасындағы Жыл футболшысы атанды. «Жылдың үздік қақпашысына» арналған Лев Яшин сыйлығы ПСЖ-лық Джанлуиджи Доннаруммға бұйырды.

Айта кетейік, Месси 2021 жылы Аргентина құрамасымен бірге Америка Кубогының жеңімпазы атанды. Жаңа маусым басталғалы ПСЖ құрамында ойнайтын форвард карьерасының үлкен бөлігін "Барселона" құрамында өткізді. Каталониялықтармен бірге ол Чемпиондар Лигасын төрт рет жеңіп, он рет Испания чемпионы атанған. Өткен маусымда Лионель 50 матч өткізіп, 40 гол соқты.