Желіде Крайстчерч қаласындағы екі мешітте болған терактіден кейінгі видеолар жарияланды, деп жазады Sputnik.
Қару асынған қаскүнемдер намазға жиналған халыққа оқ жаудырған мешіттердің ішінде түсірілген кадрларда қаза тапқандардың денесі мен көптеген зардап шегушіні көруге болады.
Еске сала кетсек, Жаңа Зеландияның Крайстчерч қаласында жұма күні теракт болды. Бір топ адам мешіттерге баса көктеп кіріп, намазға жиналған жұртқа оқ атты. Соңғы деректер бойынша 49 адам қаза тауып, тағы сонша тұрғын жарақат алған.
Теракт ұйымдастырды деген күдікпен үш адам ұсталды. Олардың бірі – 28 жастағы австралиялық Брентон Таррант қылмыс үстінде әлеуметтік желіде тікелей эфир жүргізген. Бұған дейін ол Twitter парақшасында "манифест" жариялапты.
Қазір әлем елдерінің басшылары жантүршігерлік терактіні қатаң айыптап, пікір білдіріп жатыр.