
Аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Ғалымжан мамырбаев пен Ержан Далиев Кеңес ауылдық округінде болып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Кеңес ауылдық округі тұрғындары өзінің ынтымақ, бірлігі, ауызбіршілігімен ерекшеленетін ауыл. «Nur Otan» партиясы атынан келген үміткерлерлерді жылы жүзбен қарсы алып, партияға деген ілтипаттарын, жылы сезімдерін білдіре білді.
Сайлауалды бағдарламаларн ұсынған кандидаттар «Nur Otan» партиясының алдағы бес жылға 7 бағыт бойынша жоспарлаған жұмыстарымен таныстырды.
Алғашқы кезекте ұлағатты ұстаз Дәметкүл Түсіпбекованың үйінде болып, 5 жылдық жоспар туралы сөз қозғады. «Nur Otan» партиясының аудан аумағында атұарған жұмыстарына тоқталды.

Жалпы ауданда карантиндік шаралардың енгізілуіне байланысты мәжбүрлі демалыстағы 17,1 мың. қызметкерге 42,5 мың теңгеден төленді,-халықтың әлеуметтік осал топтарының ішінен 6 мың адам азық-түлік-тұрмыстық жиынтықтары үшін төлем алды, 870 аз қамтылған отбасыларға атаулы әлеуметтік көмек көрсетілді, 6 жасқа дейінгі 1 104 балаға кепілдендірілген әлеуметтік пакеттер берілді. 6 745 адамға коммуналдық шығындар өтелді.
Елбасы бастамасымен қолға алынған «Вiz birgemiz» акциясы аясында «Nur Otan» партиясының мүшелері мен еріктілері 1 484 отбасына азық-түлік себеттерін жеткізді, 1 651 адам 50 000 теңгеден көмек алды.
Тұрақтылықты сақтау үшін дағдарыс жағдайында шағын және орта бизнес субъектілеріне айтарлықтай қолдау көрсетілді.
- 2,3 мың кәсіпкер салықтық жеңілдік алды;
- «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 75 инвестициялық жобаны іске асыруға 3,9 млрд.теңге бөлінді, ол 1 290 жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді;
- «Қарапайым заттар экономикасы» шеңберінде 221,3 млн.теңгеге 10 жоба қолдау тапты;
- «Бизнестің жол картасы-2025» аясында шағын бизнес субъектілері бастамаларын іске асыру үшін қайтарымсыз грантқа 46 жоба ұсынылды;
- 25 коммуналдық меншік объектілеріне жалдау ақысы 3 айға алынды;
- төтенше жағдай кезінде несиелер бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге мораторий енгізілді;
- зардап шеккен ЖК және ШОБ кредиттері бойынша міндеттемелерді орындау мерзімін кейінге қалдыру енгізілді.

Мұның бәрі әлемде дендеп тұрған пандемия кезінде халықтыңтұрмыс түршілігін түзеу мақсатындакөрсетілген көмектер. Әринеосы игі істердіңбасында биліктің партиясы «Nur Otan» тұрғаны түсіндірілді.
Партия атынан ұміткерлер Дәметкүл Түсіпбекованың үйінен соң бірнеше ауылда абыройы бар, халыққа қызметі сіңген бірнеше отбасындаболып, үгіт-насихат жұмыстарын жалғастырды.
«Nur Otan» партиясы Жамбыл облысы, Меркі аудандық Сайлау қорының қаражатынан төленді.
