Республикалық маңызы бар «Меркі-Шу-Бұрылбайтал» автомобиль жолындағы (жаңарту учаскесі) көлік құралдарының барлық түрлері үшін қозғалысты шектеу алынып тасталды.
Бұл туралы «ҚазАвтожол» ҰК» акционерлік қоғамының баспасөз қызметі хабарлады.
«Меркі-Шу-Бурылбайтал», ПК 672 (құрылыс сатысында тұрған учаске) Республикалық маңызы бар автомобиль жолының учаскесінде су шайып кету салдарларының жойылуына және өткелдің қалпына келтірілуіне байланысты көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс шектеуі алынып тасталғандығы туралы хабарлаймыз», - делінген компания таратқан хабарламда.
Осыған дейін Жамбыл облысында теміржол көпірін су шайып, пойыздардың қозғалысы тоқтатылғанын хабарлаған болатынбыз.
Бүгін «Қазақстан темір жолы» компаниясының баспасөз хатшысы Қайсар Жұмабайұлы Facebook парақшасында Аспара-Шу аралығындағы темір жол жөнделгенін мәлім етті.