Алматылықтар ҚР Тәуелсіздігі күніне орай жаппай патриоттық акцияға үн қосуда, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Қалада көпқабатты үйлердің балкон, терезелеріне Мемлекеттік ту іліне бастады.
Осылайша, жалпыхалықтық акцияға үн қосып, бір-біріне деген жүрекжарды тілектерін жеткізіп жатыр.
Желі қолданушылары #менің туымменіңотаным хештегімен көк байрақты ұстап суретке түсіп, ғаламтор желісінде таратуда. Ал жас буын өкілдері – оқушылар Тәуелсіздік мерекесіне жыр жолдарын арнап жатыр.
Айта кетейік, республика көлеміндегі акцияға кез келген тұрғын қолдау білдіре алады.












