Фото: Alamy
Том Круз көгілдір экран алдындағы көрермендердің «зәресін ұшырып», трюктерімен таңқалдыра бастағанға дейін ондаған жыл бұрын француздың жанкешті актері Жан-Поль Бельмондо одан өткен қорқынышты трюктерді шімірікпей жасады.
Айта кетейік, биыл мамыр айында Британия киноөнер институты Голливуд жұлдызы Том Крузды «батыл экшн жұлдызы» және «кинематографиядан алатын әсер туралы қайта ойлануға берілген» деп сипаттап, арнайы стипендиямен марапаттамақ. Оның бұл ерекшелігі «Миссия невыполнима» фильміндегі, соңғы шыққан Кристофер Маккуорридің «Миссия невыполнима: Финальная расплата» рөлінен айқын көрінді.
Кино саласында Том Крузбен деңгейлес актер некенсаяқ екені рас, десе де оны Жан-Поль Бельмондоның ізбасары деуге болады.
Бельмондо немесе Бебель атымен танымал актер 1960-шы жылдардағы жаңа толқын француз киносының белді мүшесі ретінде көпшілікке таныс. Ол өзінің мансабын 1950 жылдардың басында Парижде Théâtre de l ' Atelier жұмыс істей бастағанымен, көп ұзамай фильмдерде ойнай бастады. Жан-Люк Годардың «Безумный Пьеро» (1966), «Женщина — это женщина» (1961) және «На последнем дыхании» (1960) сияқты Nouvelle Vague классикасы Белмондоның артхаус киноларда оңай жұмыс істей алатынын көрсетті, бұл оның тегі интеллектуал екеніне дәлел: әкесі ‒ мүсінші, ал анасы ‒ суретші болған.
«Таудағы күрескер» фильмінде Белмондо шатырымен жүгіріп, төмен қарай сырғанайтын бас айналдыратын көріністер (Фото: Alamy)
Годардың авангардтық фильмдерінде ойнаған сол кезеңде Бельмондо Француз нуарларынан бастап көптеген түрлі фильмдерде жұмыс істеді. Жылдар өте келе Peur sur la ville (1975) бағаланбаған триллерінің арқасында кеш те болса Верней оның мансабын қалыптастырды. Фильм актерді прото-круизге айналдырды, оның физикалық күші мен батыл каскадерлік жұмысы Жан-Поль Бельмондоның орнын француз аудиториясы үшін айқындап берді.
Ұрыс фильмдеріндегі Бельмондоның орны
Peur sur la ville-ні сыншылар жақсы қабылдай қоймады. Себебі Верней америкалық ағымға еріп, қаланы тазарту үшін полиция атқыш ковбойлар сияқты ереже бұзады. The New York Times газетіне жазған Ричард Эдер: «Бельмондоның трюктері көңілді болды; тұтастай алғанда, бұл оң бағаланған жалғыз аспект болды» деп жазды. Positif киножурналы: «американдық полиция фильмдерінің ең сорақысы», «әлеуметтік фон толық болмады» деп баға беріп, «тек фильмде ең көп болған көрініс ‒ Бельмондоның әрекеті дәл қазір өлгісі келіп тұратын адам сияқты және ол елге ұнады» деп жазды.
« Жан-Поль Бельмондоны ұрыс фильмдеріне ауысып кеткені үшін сынады. Ол біреулерге мүмкін емес болып көрінген сияқты. Бірақ өткенге көз жүгіртсек, оның мәні бар» – дейді сыншы Мюриэль Зага.
Оның артхаус жанры сүйіктісінен экшн жұлдызына ауысуы сол кезде кейбіреулерге оғаш көрінді, бірақ ол бірден ауысқан жоқ еді.
Фильмнің кульминациясында Бельмондо биік ғимараттың терезесін сындыру үшін тікұшақтан түсіріледі (сурет: Alamy)
«Мен жас кезімде өзімнің рахатым үшін трюктер жасадым», – деп мойындады бірде Бельмондо. «Мен консерваторияда оқып жүргенімде балконнан салбырап тұратын әдетім болды. Әрқашан трюктерге бейім болдым», – деген екен.
Ал Лондондағы Королева Мэри университетінің кинотану кафедрасының аға оқытушысы, профессор Люси Болтон Бельмондоның өткенін ескере отырып, физикалық рөлдерге деген ұмтылысы орынды болғанын айтады.
«Ол физикалық тұрғыда өте жетілген, спортқа бейім және әуесқой боксшы ретінде қысқа мансабы болған адам. Шамасы оған бет-әлпетінің қатты өзгере бастағаны ұнамағандықтан трюк жасауды тоқтатты», – дейді BBC-ге берген сұхбатында.
Мюриэль Заганың айтуынша Бельмондо трюк жасар алдындағы қорқыныштың сахнаға шығар алдындағы қорқыныштан еш айырмашылығы жоқ екенін айтқан. Және бұл екі сезімді де ол жақсы көреді. Бельмондо 42 жаста болғанда сомдаған Верней фильмі сынның астында қалғанына қарамастан көрермендердің сүйіспеншілігіне бөленіп, сол кездегі ең танымал фильмдердің біріне айналды.
Қауіп-қатерді айқын көрсету үшін Жан-Поль Бельмондо ғимараттардың шатырларынанғ пойыз вагондарының үстінен 1970 жылдарға сәйкес келмейтін киіммен жүгіріп, секіреді. Ол қауіпті трюктер жасағанда кеуде тұсы кең күртеше мен балағы кең шалбар, лакталған топлай киген және қолында Rolex Daytona 6263 сағаты бар. Ол сағаттың қымбат болғаны сонша, 2013 жылы оны баласы Формулы-1 қатысушысы шабандоз Пол Бельмондо аукционда €165 000 (£140 000) сатты.
Белмондо, ағасы Аленмен бірге экшн-фильмінің түсірілім алаңындағы тепе-теңдікті тексеріп жатыр, "Маргинал" (1983) (Фото: Getty Images)
Бельмондо трюктерінің артында кім тұр?
Бельмондоның трюктері Реми Жюльен есімді каскадердің көмегімен жүзеге асып отырған. Ол кәсіби мотокросс шабандозы бола отырып, көлік құралдарының трюктері бойынша маман болды. 1971 жылы Жюльен Бельмондомен бірге Верней фильмінде алғаш жұмыс істеп, кейін екеуі 14 киноға бірге түсіп, көптеген қауіпті трюктер жасады.
Кино академияның жақында каскадерлік жұмысты киноның шығармашылық бөлігі ретінде мойындағап, келесі жылдан бастап «Оскардың» жаңа санатына кіргізуін ескере отырып, Жульен мен Бельмондо өз заманында осындай марапатқа әбден лайық болғанын айта кеткен жөн.
Жан-Поль Бельмондо сөзсіз бойында талантты да, ақыл-парасат пен қайтпас қайсарлықты да жинаған тұлға болды. Сондықтан оның есімі кино сүйер қауымның жүрегінде қалуы заңды.
Аударған Балжан Жеңісқызы
