Қырғызстандағы III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының ашылу рәсімі есте қаларлықтай өтті.
Дүйім жұртты тәнті еткен тамаша шара ерекше костюм киген әртістердің қойылымымен басталып, көшпенді халықтардың тарихы мен мәдениетінен, тұрмыс тіршілігінен сыр шертті.
Шоу сән-салтанатпен өтіп, көрермендер де, қатысушылар да дән риза болды.
III Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында 195 қазақстандық қатысып жатыр. 37 ұлттық спорт түрінен өтетін ауқымды жарыста 67 елден келген екі мыңдай спортшы бақ сынасады.
Әр елден келген 30-ға жуық БАҚ өкілі сайыс нәтижелері туралы жазып, жаңалықтармен бөліспек.