17 нау, 2017 сағат 14:49

Мемлекеттік қызметте жалған құжаттармен жүрген басшылар анықталды - аттестация қорытындысы

ҚР Президенті жанындағы Жоғары аттестациялық комиссия 36 адамды қызметі жағынан төмендету туралы кеңес берді. 

Олардың ішінде жалған құжаттармен жүрген мемлекеттік қызметкерлер де бар, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

"Мәселен, Астана қалалық автомобиль жолдары басқармасының басшысы мемлекеттік қызметке тестен өткені туралы жалған құжаттың негізінде түсті. Ал Маңғыстау облыстық индустриалдық-инновациялық саясат басқармасының жетекшісі мемлекеттік қызметке ресми құжаттың негізінде түссе, артынан екінші жоғары білімі туралы дипломның жалған нұсқасын тапсырған. Аттестация кезінде біз әрбір мемқызметкердің жеке құжаттарын тыңғылықты зерделеп шықтық. Міне, сол жұмыстың нәтижесінде осындай фактілер анықталды", - деді ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова бүгінгі баспасөз мәслиxатында.

Оның айтуынша, қызметі жағынан төмендетуге кеңес берілген мемлекеттік қызметкерлердің басым бөлігі ҚР Инвестициялар және даму министрлігінде, сондай-ақ Қостанай облысында жұмыс істейді.

Айта кетейік, бүгін Астанада өткен баспасөз мәслиxатында ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының орынбасары Айгүл Шайымова мемлекеттік қызметтің "Б" корпусына кіретін басшыларды аттестациядан өткізудің нәтижесін жариялады