18 мам, 2022 сағат 15:05

Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары тағайындалды


Президенттің өкімімен Мемлекеттік күзет қызметі бастығының жаңа орынбасары тағайындалды, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап. 

"Мемлекет басшысының өкімімен Аңсаған Скендерұлы Балтабеков Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды", - делінген хабарламада. 

Бұған дейін бұл қызметте болған Батырбек Байбосынов Мемлекет басшысының өкімімен қызметінен босатылды.