20 жел, 2016 сағат 10:15

Мемлекеттік бюджет шығыстары шамамен 9 трлн. теңгеге жетті

- Ағымдағы жылдың 11 айында мемлекеттік бюджет шығыстары 9 трлн. теңгеге жетті. Бұл туралы бүгін Үкіметтің селекторлық режімдегі отырысында ҚР Қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлім етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Мемлекеттік бюджет шығыстары шамамен 9 трлн. теңгеге жетіп, 20 пайызға өсті. Өткен жылдың көрсеткіштеріне қарағанда игеру қарқыны анағұрлым жақсы. Мемлекеттік бюджет бойынша игеру өткен жылмен салыстырғанда 0,5, республикалық деңгейде 1,5 пайызға жақсы атқарылды», - деді Сұлтанов.

Оның деректеріне сәйкес, жергілікті бюджеттер бойынша игеру өткен жылдың дәл осы кезеңіне қарағанда 0,5 пайызға нашар болды.

«Тұтастай алғанда мемлекеттік бюджеттің шығыстары 97, республикалық бюджеттікі 98,2 және жергілікті бюджеттердікі 96,6 пайызға атқарылды. Жылдың қорытындылары бойынша республикалық бюджеттің шығыстарын атқару деңгейі 98,6 пайыз шегінде күтілуде», - деді ол.

Ұлт порталы