Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қырғызстанға ресми сапары аяқталды, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.
Қазақстан Президентін Бішкек әуежайынан Қырғызстан Президенті Садыр Жапаров шығарып салды.
Бұған дейін хабарлағанымыздай, Қасым-Жомарт Тоқаев ресми сапармен Қырғызстанға барды.
Қазақстан мен Қырғызстан ресми делегацияларының қатысуымен өткен кеңейтілген құрамдағы келіссөзден кейін бірқатар құжатқа қол қойылды.