23 нау, 2024 сағат 01:37

Мемлекет басшысы Мәскеудегі террактке қатысты мәлімдеме жасады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеудегі террактке қатысты мәлімдеме жасады деп хабарлайды "Ұлт Ақпарат".

«Қазақстан Мәскеудегі бейбіт азаматтарға қарсы террористік актіні қатаң айыптайды», – деп мәлімдеді Президент Қасым-Жомарт Тоқаев.

"Мемлекет басшысы терроризмді мүлде ақтауға болмайды деп санайды. Ол БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді жазықсыз азаматтарға қарсы зорлық-зомбылықтың бұл түріне бірауыздан қарсылық танытуға шақырды.

Президенттің тапсырмасы бойынша, қажет болған жағдайда, Қазақстанның құқық қорғау органдары ресейлік әріптестеріне көмек көрсетеді.

Сонымен қатар Қазақстан Президенті лаңкестік әрекет кезінде азаматтардың қаза табуына байланысты Ресей Президенті Владимир Путинге көңіл айтты" делінген Ақорданың телеграмм арнасында.