Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрі Сәкен Жасұзақовты қабылдады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақордаға сілтеме жасап.
Мемлекет басшысына еліміздің Қарулы Күштерінің қазіргі жағдайы, сондай-ақ министрліктің жұмыс жоспарларының іске асырылу нәтижелері жөнінде мәлімделді.
Қорғаныс министрі Жоғарғы Бас қолбасшыға «Қаратау-2017» жедел-стратегиялық оқу-жаттығуының қорытындылары туралы баяндап, оны өткізу барысында өңірлік қолбасшылықтың әскери барлау-басқару жүйесінің қолданылғаны жөнінде есеп берді.
Кездесу қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.