Қасым Жомарт Тоқаев қазан айында жұмыс сапарымен Шығыс Қазақстан облысына барады. Бұл туралы ҚР Президенті Twitter-де жазды деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".
«Кеше ШҚО әкімі Д. Ахметов Абайдың 175 жылдығы аясында атқарылған жұмыстар жайында баяндады. Семейдегі Абайдың мұражай кешені, ақынның туған және өмір сүрген жеріндегі нысандардың барлығы толықтай жаңғыртылды. Облысқа қазан айында жұмыс сапарымен барып, нысандарды аралап көремін», деп атап өткен Мемлекет басшысы.
Еске сала кетсек, 4 қыркүйекте Қасым-Жомарт Тоқаев Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовті қабылдаған болатын. Онда өңір басшысы ҚР Президентіне Шығыс Қазақстан облысының экономикалық ахуалы жайында есеп беріп, аймақтың қысқа мерзімді және келер жылға арналған даму жоспары, оның ішінде, өнеркәсіп өнімдері, ауыл шаруашылығы, өндіріс салалары бойынша атқарылатын жұмыстар жөнінде баяндады.