15 шіл, 2022 сағат 13:40

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесі отырысын өткізді


Мемлекет басшысы Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізді, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы мемлекеттік органдар бірінші басшыларының Қарулы Күштерді, әскер мен әскери құрылымдарды құру және дамыту тұжырымдамасының жүзеге асырылу барысы жөніндегі баяндамаларын тыңдады.

Жиын қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттің әскери саласын ұйымдару ісін жетілдіру жөніндегі іс-шараларды сапалы жүзеге асыруға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.