13 сәу, 2026 сағат 12:24

Мемлекет басшысы Ирак Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады, деп хабарлайды Ult.kz.

Қазақстан Президенті Ирак мемлекеті мен халқының жарқын келешегін қамтамасыз етуге бағытталған Низар Амидидің бастамаларына сәттілік тіледі. 

Сондай-ақ екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы ынтымақтастықтың одан әрі дами түсетініне сенім білдірді.