Фото: Ақорда
Қасым-Жомарт Тоқаев Дональд Трамп атына «Артемида-2» миссиясының табысты орындалуына байланысты құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ult.kz.
Мемлекет басшысы бұл тарихи сапарды адамзаттың кейінгі жарты ғасырдағы Айға жасаған алғашқы миссиясы ретінде атап өтіп, оның ғарышты игерудегі маңызды кезеңге айналғанын жеткізді. Сондай-ақ, Президент АҚШ-тың ғылыми-техникалық жетістіктеріне жоғары баға берді.
Тоқаевтың айтуынша, «Артемида-2» бағдарламасы әлем ғалымдарына, инженерлер мен зерттеушілерге жаңа серпін беріп, болашақ ұрпақтың білім көкжиегін кеңейтеді.
Мемлекет басшысы Дональд Трампқа «Артемида» бағдарламасы аясындағы және ғарыш саласындағы өзге де бастамаларды жүзеге асыруда табыс тіледі.
