03 нау, 2026 сағат 12:33

Мемлекет басшысы Болгария Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованы Болгария Республикасының ұлттық мерекесі – Азат ету күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ult.kz.

Президент Болгарияны Қазақстанның Еуропа Одағындағы маңызды әрі сенімді серіктестерінің бірі ретінде атап, екі ел арасындағы саяси диалогтың, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың аясы кеңейіп келе жатқанына тоқталды.

Сонымен қатар бірлескен күш-жігер арқылы қазақ-болгар ықпалдастығы дәйекті түрде дами беретініне сенім білдірді. 

Қасым-Жомарт Тоқаев Илияна Йотованың жауапты мемлекеттік қызметі мен игі бастамаларына сәттілік, ал Болгария халқына құт-береке тіледі.