01 нау, 2026 сағат 13:03

Мемлекет басшысы Босния және Герцеговинаның Төралқа Төрағасын құттықтады

Фото: Ақорда

Қасым-Жомарт Тоқаев Желько Комшичке Босния және Герцеговинаның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Ult.kz.

Президент Астана мен Сараевоның дәстүрлі достық пен өзара қолдауға негізделген ынтымақтастығы қос халықтың игілігі жолында нығая беретініне сенім білдірді.