Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дипломаттар арасында бірнеше тағайындау жасады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Мемлекет басшысының Жарлығы бойынша:
- Еркебұлан Оңалбекұлы Сәпиев Қазақстан Республикасының Түркия Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
- Асқар Ерлікұлы Тәжібаев Қазақстан Республикасының Түрікменстандағы төтенше және өкілетті елшісі болып тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды;
- Уәлихан Әмірханұлы Төреханов Қазақстан Республикасының Тәжікстан Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;
- Андриан Көпмағамбетұлы Елемесов Қазақстан Республикасының Куба Республикасындағы төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды.