20 шіл, 2022 сағат 23:35

Мемлекет басшылары Ыстықкөлде көшпенділер ойындарын тамашалады


Қасым-Жомарт Тоқаев, Садыр Жапаров және Шавкат Мирзиёев «Дордой Номад» мәдени орталығына барды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мемлекеттер басшылары арнайы ұйымдастырылған көшпенділер ойындарын тамашалады. Шабандоздар ат үстінде өнерлерін көрсетті және басқа да көріністер қойды.

Сондай-ақ, Қазақстан, Қырғызстан және Өзбекстан президенттері «Қолөнершілер аллеясының» жұмысымен танысты. Онда жергілікті шеберлердің жасаған бұйымдары көрсетілді.