07 ақп, 2025 сағат 17:04

Мектептерде «құлпынай квик» кәмпиттері таратылып жатқаны рас па - ІІМ мәлімдеме жасады

Фото: ІІМ

WhatsApp мессенджерінде мектеп оқушыларына «құлпынай квик» кәмпиттері және құрамында есірткі-кристалды метамфетамин бар басқа да заттар ұсынылуы мүмкін деген ақпарат тарады. Ішкі істер министрлігі бұл ақпарат шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді. 

«Қоғамда дүрбелең немесе басқа да жағымсыз салдар тудыруы мүмкін көрінеу жалған ақпарат тарату қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын есте ұстау қажет. Хабарламаны таратпас бұрын мұқият тексеріп алған жөн», - делінген ақпаратта.


Сонымен қатар ата-аналар балаларға түсіндіру жұмысын жүргізудің маңызды екенін еске салды.