Ресейдің премьер-министрі Дмитрий Медведев түнгі Астананың суреттерін жариялады, - деп хабарлайды "Ұлт ақпарат". Суреттермен ол Instagram желісінде бөлісті.
Медведевтің суретінде Бәйтерек пен Қорғаныс министрлігінің ғимараты көрініп тұр. Бұл жарияланымға қазіргі уақытта 48 мыңнан аса ұнату белгісі басылған.
Айта кетейік, Медведев Қазақстан елордасына Еуразиялық үкіметаралық кеңестің отырысына қатысу үшін келді. Сондай-ақ, ол EXPO-2017 көрмесін тамашалайды.