Ресей үкіметінің төрағасы Дмитрий Медведев Бақытжан Сағынтаевты Қазақстан премьер-министрі болып тағайындалуымен құттықтады, деп хабарлады government.ru. Бұл туралы ҚазАқпарат жазды.
«Ресейде Сізді көпжоспарлы ресейлік-қазақстандық ынтымақтастықты дамытудың жақтасы ретінде жақсы таниды. Қазақстан премьер-министрінің бірінші орынбасары ретінде Сіз экономикалық және гуманитарлық салаларда ірі бірлескен жобаларды іске асыруға тікелей қатысып, Еуразиялық экономикалық одақ аясында интеграциялық үдерістерді тереңдетуге қомақты жеке үлесіңізді қостыңыз. Ресей әріптестеріңіз арасында беделіңіз жоғары. Жинақтаған тәжірибеңіз Сізге жаңа орында тиімді жұмыс істеуге септігі тиетініне сенімдімін», - деп атап өтті Медведев өзінің құттықтау хатында.
Ресей премьері «Қазақстан мен Ресей арасындағы жалпы стратегиялық әріптестік пен одақтастықты одан әрі нығайту бойынша белсенді өзара іс-әрекетке ниетті екенін атап өтті».