06 қаң, 2020 сағат 12:30

Медициналық қызмет үшін кімдерден қосымша қаражат талап етілмейді

Қазіргі уақытта МӘМС арқылы бюджет көлемі 1,6 триллионға дейін артып отыр. Бұл туралы Орталық коммуникациялар орталығында өткен брифингте ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Біз 1 қаңтардан бастап міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жобасын іске асыра бастадық. Бұл жобаның артықшылығы - азаматтар екі пакетті: мемлекет тарапынан кепілдендірілген сақтандыруды және қосымша Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыруды (МӘМС) қолдана алады. Көптеген азаматтан »Егер мен сақтандырылмаған болсам қажет жағдайда медициналық мекеме медициналық көмек көрсетпей ме?« деген сұрақ қойылып жатады. Бұл ақпарат толығымен дұрыс емес, себебі бізде жоғарыда атап өткендей екі пакет те қолданылады», - дейді Олжас Әбішев.

Оның айтуынша, бұрын медициналық қызметтер тізімінің бюджеті 1 триллионға жететін болса, қазіргі уақытта МӘМС арқылы бюджет көлемі 1,6 триллионға дейін артып отыр.

«Егер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандырылған болсаңыз оңалту, диагностика жасау, профилактика, МРТ сияқты қосымша медициналық қызмет үшін қаражат талап етілмейді», - дейді ол.