18 қаз, 2019 сағат 09:16

Мәжілісте «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы мен «100 нақты қадам» Ұлт жоспары талқылануда

Елордада ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен жиын өтуде, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Елбасының баспасөз хатшысы Айдос Үкібайға сілтеме жасап.

«Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтетін жиында партияның «Қазақстан – 2021: Бірлік. Тұрақтылық. Жасампаздық» сайлауалды бағдарламасы және «100 нақты қадам» Ұлт жоспары іске асырылуы талқылануда», - деп жазды Айдос Үкібай Twitter-дегі парақшасында.

Еске сала кетсек, Парламентте ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен өтіп жатқан жиынға «Nur Otan» партиясы және оның Парламент Мәжілісіндегі фракция мүшелері қатысуда.