Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Владимир Тохтасуновтың өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Владимир Имтахунович Тохтасунов денсаулығана байланысты міндеттерін атқарудан өз еркімен босату туралы өтініш берді. Осыған орай Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға ҚР Конституцияның 52-бабына, «Қазақстан Республикасының Парламенті және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Конституциялық Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Мәжіліс депутаты В. Имтахуновичтің өтініш беруіне байланысты оның өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шеші үшін ұсыным енгізіп отыр», - деді ҚР Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов.
Жалпы отырыста палата депутаттары аталған ұсынымға дауыс беріп, депутаттың өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылдады.
Бұдан бұрын хабарланғандай, жақында Орталық сайлау комиссиясының отырысында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Владимир Тохтасуновтың өкілеттігін тоқтату туралы қаулы қабылданды.