15 мау, 2022 сағат 11:25

Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлының өкілеттігі тоқтады


Бүгін Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында депутат Берік Әбдіғалиұлының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы шешім қабылданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«ҚР Президентінің 2022 жылғы 11 маусымдағы Жарлығымен Парламент Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлы Ұлытау облысының әкімі лауазымына тағайындалды. Осыған орай Орталық сайлау комиссиясы сіздердің назарларыңызға Конституцияның 52-бабына, «Парламент және оның депутаттарының мәртебесі туралы» Заңның 24-бабы 3 және 8-тармақтарына сәйкес, Мәжіліс депутаты Берік Әбдіғалиұлының өкілеттілігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы мәселені шешу үшін ұсыным енгізіп отыр», - деді Орталық сайлау комиссиясының мүшесі Шавхат Өтемісов. 

Палата депутаттары бұл ұсынымға қолдау білдірді.