07 қыр, 2022 сағат 17:14

Мәжіліс депутаттары елорда атауын өзгерту туралы пікір білдірді


Мәжіліс депутаттары Дания Еспаева мен Ирина Смирнова Астана атауын Нұр-Сұлтанға қайтаруды қолдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Мәжіліс отырысынан кейін журналистер депутаттардан мұндай бастаманың себебін сұрады.

"Бүгінде қоғам астананың бұрынғы атауын қайтаруды талап етіп отырғанын білесіздер. Қаржы тұрғысынан мұны қарастыру керек, бұл бір сәттік шығын емес екенін түсініп тұрған шығарсыздар. Қалай болғанда да, бастама болуы керек, оны қолдау керек, содан кейін ғана оның атауын өзгерту шаралары біртіндеп жүзеге асырылады. Қанша уақыт өтеді – жылдың аяғына дейін бе, келесі жылдың аяғына дейін – бұл сұрақ", – деп түсіндірді Дания Еспаева.

Ирина Смирнова БАҚ өкілдері сұрағына жауап бере отырып, ол үшін қала атауының соншалықты маңызды емес екенін атап өтті.

"Маған қала атауы бұл қаланың қалай өмір сүріп жатқаны, мұнда тұрғындарға қаншалықты жайлы екеніне қарағанда маңызды емес. Біреулер Ақмола, ал кейбіреулері Целиноград деп атауды ұсынып жатыр. Өйткені бұл ертедегі атаулар еді. "Жаңа Қазақстан" депутаттық тобы Астана атауына оралайық деп шешті", - деді Мәжіліс депутаты Ирина Смирнова.