02 қаз, 2024 сағат 16:29

"Майкл Джексонмен шатастырған сияқты": 50 Cent Қазақстандағы концерті туралы шетелдік журналиске сұхбат берді

Рэпер 50 Cent америкалық журналиске Қазақстандағы концерті туралы әңгімелеп, зор ылысқа бөленгенін жасырмады. 

Айта кетейік, әйгілі рэпердің концерті былтыр қарашада Алматының ең үлкен сахнасында - Almaty Arena-да өткен еді. Өнер иесі қазақстандықтардың өзіне көрсеткен құрметі мен ықыласына қатты таңғалғанын айтты.

Журналист Стивен Колберт Қазақстандағы жанкүйерлер шетелдік әртісті қалай қарсы алғаны туралы сұрады. Тележүргізушінің бұл сұрағына 50 Cent әзілмен жауап берді.

"Өте керемет болды. Олар менің Майкл Джексон емес екенімді білмейді-ау. Құдды Майкл Джексон сияқты көлігімді аңдыды", – деді ол.