22 сәу, 2022 сағат 23:30

Мәскеуде Қазақстан мен Ресейдің Сыртқы істер министрлері кездесті


Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Мәскеуге жұмыс сапарымен келіп, оның барысында Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізді.

Сыртқы істер министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, тараптар саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың жай-күйі мен перспективаларын талқылады. Күн тәртібіндегі халықаралық мәселелердің кең ауқымы бойынша пікір алмасылды.


Сондай-ақ, өңіраралық және шекара маңы ынтымақтастығын нығайту, отын-энергетика және ғарыш салаларындағы өзара іс-қимыл жөніндегі практикалық қадамдарға ерекше назар аударылды. 

Одан бөлек сыртқы саяси ведомстволардың басшылары ТМД, ЕАЭО, ҰҚШҰ, ШЫҰ, АӨСШК және БҰҰ интеграциялық бірлестіктері шеңберіндегі ынтымақтастық, Орталық Азиядағы тұрақтылық пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелерін қарастырды. 

Кездесу қорытындысы бойынша дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын мерекелеу жөніндегі іс-шаралар жоспарына қол қойылды.