23 қаз, 2017 сағат 14:39

Мәскеуде "Эхо Москвы" журналисіне шабуыл жасалды

Бүгін Мәскеуде "Эхо Москвы" радиостанциясының редакциясына белгісіз адам баса-көктеп кіріп, бас редактордың орынбасары Татьяна Фельгенгауэрді пышақтады, деп жазады "Ұлт ақпарат" echo.msk.ru-ға сілтеме жасап.

Радионың бас редакторы Алексей Венедиктовтің хабарлауынша, белгісіз адам журналиске пышақпен ғана шабуылдаған. Журналист ауруханаға түскен. Дәрігерлердің айтуынша, Фельгенгауэрдің өміріне қауіп төніп тұрған жоқ. Шабуыл жасаған күдікті ұсталды.

Редакцияда полиция оқиғаны тексеріп жатыр. Расталмаған мәлімет бойынша, редакцияға шабуыл жасаған адам - шетел азаматы. Ол ғимаратқа кіреберісте тұрған күзетшіге баллоннан газ шашып, екінші күзетшінің денесін пышақпен жанап өтіп, одан соң 14 қабатқа көтеріліп, журналиске пышақ ұрған. Ресей бас прокуратурасы оқиғаны "барып тұрған сорақылық" деп атады.

Кремль бақылауындағы "Газпром" мұнай компаниясына тиесілі "Эхо Москвы" радиостанциясы - Ресейде қалған аз ғана тәуелсіз БАҚ-тың бірі.