21 нау, 2019 сағат 10:49

Мәскеудегі тыңдармандары Димашты қошеметпен қарсы алды (Видео)

22 және 23 наурызда Кремль сарайы сахнасында өнер көрсететін қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенді ресейліктер Мәскеу әуежайынан зор қошеметпен қарсы алды. Қалың жұрт әншіге орыс халқының дәстүрімен нан мен тұздан ауыз тигізді деп хабарлады Sputnik Қазақстан.

Димашты қаумалаған жұрт оның қолтаңбасын алып, бірге суретке түсіп қалуға тырысқан. Әуежайда Димашқа таласқан жұрттың видеосы әлеуметтік желілерде жарияланып жатыр. 

Димашты қаумалаған жұрт оның қолтаңбасын алып, бірге суретке түсіп қалуға тырысқан. Әуежайда Димашқа таласқан жұрттың видеосы әлеуметтік желілерде жарияланып жатыр. 

"Мен Сіздерді қатты жақсы көремін. Зор қошемет пен ілтипаттарыңызды, маған деген махаббатарыңызды қолымнан келгенше өнерім арқылы ақтауға тырысамын", - дейді видеода Димаш өзі отырған көлікті қаумалаған адамдарға.

Иә, ол өз фанаттарынан қашпады, керісінше бәріне бірдей жауап беруге тырысты. Оның қарапайымдылығы, әдеттегідей жұртшылықты тәнті етті.

Инстаграмдағы парақшасында әнші осыған дейін Мәскеудегі концертіне дайындалып жатқан командасының бірнеше видеосы мен суреттерін де жүктеген болатын.

Айта кетсек, әншінің әкесі отандық бағдарламаға берген сұқбатында Димаш негізі Мәскеуде бір күн концерт беруі керек болғанынын айтқан еді. Бірақ қысқа мерзім ішінде билет таусылып қалғандықтан, ресейлік тараптың ұсынысын қайтармай, келесі күні де Димаш сахнаға шығуға келісімін берген екен.